jasqazaq.kz

Қызылордада әйел еркекпен танысудан бас тартқаны үшін оңбай таяқ жеді

01 шiлде 2022, 16:22

Қызылордада әйел ер адаммен танысудан бас тартқаны үшін таяқ жеді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жас келіншек жол жиегінде тұрып такси ұстамақ болады. Жақын жерде кафеде ішімдік ішіп шыққан масаңдау адам оған жақындап, әңгімеге тартқан.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, олардың арасындағы әңгіме былай өрбіген:

— Сіздің фигураңыз әдемі…
— Өтінемін, меннен аулақ жүріңіз.
Осы сөзден кейін ер адам әйелді жұдырығымен бетінен төмпештеген.
Полиция хаттамасында «ерін жарақаты бойынша» іс нақтыланды.
Зардап шеккен адам жарақат алып, соққыға жығылды, оған жәбір көрсеткен күдікті ұсталды және бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылады, құқық қорғау органдары мас адамның мінез-құлқынан дәл осы қылмыстың құрамын тапты.

Сот қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

«Қылмыстық теріс қылық немесе өлімге әкеп соғумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды ретке келтірсе, қылмыстық жауаптан босатылуға жатады, — деп түсіндірді Қызылорда екінші сотында.

Ал сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр