jasqazaq.kz

Қызылордада Абай Құнанбаев мектеп бітірді

25 мамыр 2018, 17:42

Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Бесарық ауылында тұратын Абай Құнанбаев кенттегі №147 мектепті бітірді.

Қазақтың ұлы ақынымен есімі де, тегі де бірдей жас өрен қашанда сол ардақты атқа кір келтірмеуге тырысады. Әрдайым өзін қырларымен танытуға күш салады. Оның атасы Құнанбай немересі дүниеге келгенде ойланбастан Абай есімін қойған. «Абай атамыздың халқымыз үшін өте қадірлі екенін жақсы білемін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Үйдегі үлкендер ол жайында жиі айтып отырады. Менің есімім мен тегімді алғаш естігендер таңғалыс білдіреді. Қайталап сұрайтындары да кездеседі. Сол сенімді ақтауға күш саламын», — дейді жас түлек. Абай алдына үлкен мақсат қойып отыр. Өзі энергетика саласында қызмет еткісі келеді. Жалпы, бұл мамандық иелері ауылдық жерлерде сирек кездеседі. Сондықтан Абай келешекте туған ауылына қызмет еткісі келеді. Сыр өңірінде қазақтың атақты азаматтарымен есімі де, тегі де бір азаматтар көптеп кездеседі. Олардың қатарында Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Бибігүл Төлегенова, Мұқағали Мақатаев, Рақымжан Қошқарбаев, Мұхтар Шаханов, Мәдина Ерәлиева, Мейрамбек Беспаев сынды жастар көп. Бүгін Қызылорда облысында 7 113 жас түлек мектеп бітірді. Олардың 4 821-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатысуға ниет білдіріп отыр. Түлектердің арасында 343-і «Алтын белгіге» үміткер бар.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді