jasqazaq.kz

Қызылордада 7 сынып оқушысы суға кетті

01 маусым 2019, 10:43

Қызылорда қаласы аумағындағы Қараөзек стансасы маңындағы каналға шомылмақ болған 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 2005 жылы дүниеге келген. Жасөспірім Қараөзек стансасындағы №128 негізгі мектепте 7 сыныпта оқиды. Дәл осындай жағдай Байқоңыр қаласында тіркелді. Аталмыш қаладағы №272 мектептің 2 сынып оқушысы Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түсіп, тілсіз жаудың құрбанына айналды. Қызылорда облысында жыл басынан бері 5 адам суға кеткен. Оның екеуі бала. Былтыр дәл осындай жағдайдан 22 адам көз жұмса, оның 8-і жасөспірімдер. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержановтың айтуынша, қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді. Ересектер балаларды қараусыз қалдырады. Сондай-ақ, облыста талапқа сай келетін жағажайлар санаулы. Оның бірі Шиелі ауданы аумағында тіркелсе, қалған екеуі Қызылорда қаласында орналасқан.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда