jasqazaq.kz

Қызылордада 3-сынып оқушысын зорлаған күдікті ұсталды

27 шiлде 2018, 21:21

Қызылорда қаласындағы саяжайлардың бірінде 3 сынып оқитын қызды зорлап, оны қорғауға ұмтылған анасын өлтіріп кеткен күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиға облыс орталығындағы саяжай аймағының бірінде орын алған.

«Қазір орын алған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен және 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қалған мәліметтер Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», — деп жазылған облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. Облыстық балалар ауруханасының бөлім басшысы Әлімжан Төлегеновтің айтуынша, қазір қыз баланың жағдайы бірқалыпты. Ауруханаға алғаш келген сәтте жағдайы ауыр болатын. Дереу жансақтау бөліміне жатқызылған қыз балаға ота жасалған. Қазір оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Жәбірленуші психолог мамандардың бақылауында. Оның қасында Ақтөбеден келген әжесі, Астанаға табыс табуға кеткен әкесі бар.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді