jasqazaq.kz

Қызылордада 230 км жылдамдықпен көлік айдаған жүргізуші жазаға тартылды

18 сәуiр 2022, 15:34

Қызылордада сағатына 230 шақырым жылдамдықпен көлік басқарған жүргізуші жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға 10 сәуір күні тіркелген. Ол бойынша әлеуметтік желіде автокөліктің жылдамдығын асыру дерегі бойынша бейнежазба жарияланған. Оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Облыс орталығындағы Н.Назарбаев даңғылында Кірістер департаменті тұсында орналасқан «Аркан» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына сағат жергілікті уақытпен 06:05-те «Mercedes benz» үлгісіндегі автокөлігімен сағатына 230 шақырым жылдамдық асыру дерегі анықталды. Бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 3-бөлігіне сәйкес ұйғарым шығарылды. Оған 20 АЕК (61260 теңге) көлемінде айыппұл салынып, ол өндіріліп алынды», — деп жазылған хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр