jasqazaq.kz

Қызылордада 21 жастағы алаяқ емші қолға түсті

03 қараша 2021, 10:44

Қызылордада 21 жастағы алаяқ емші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 21 жастағы қыз дәстүрлі емес жолмен емдеймін деп тұрғынның сеніміне кірген. Ол көрсеткен қызметі үшін қомақты сыйақы алған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны арызданған. Айтуынша, ол алаяқ емшінің құрбаны болған. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында белгісіз азаматша оны әңгімеге тартқан. Артынша, өзін емші ретінде таныстырып, емшілік жолмен ауруларыңды емдеп беремін деп сендірген. Осылайша, емшінің арбауына түскен қала тұрғыны еш ойланбастан қолына 550 мың теңге ақшасын ұстата салған.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған алаяқтық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүруде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде