jasqazaq.kz

Қызылордада 17 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

28 наурыз 2022, 16:59

2022 жыл 21 наурызда сағат 20:00-де Қызылордада 17 жастағы қыз белгісіз бағытқа үйден шығып кеткен. Полицейлер оны іздеп жатқаны хабарланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Барлық әлеуметтік желілерде Айдана Тұраланың сипаттамасы мен суреттері жарияланып жатыр.

«Айдананы іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен облыстық полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды, еріктілер де қосылды», — деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, қыз тірі, жақын арада табылады.

«Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Қыздың таныстары мен достарынан сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны тапқан бойда халыққа дереу хабарлаймыз», — деп қосты полицейлер.

Қыздың бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қара, қысқа. Кәмелетке толмаған қыз туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 8 (7242) 29-75-20 телефоны немесе 102 арнасы арқылы полицияға хабарлауды сұраймыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде