jasqazaq.kz

Қызылорда тұрғыны жұмбақ жағдайда көз жұмды

11 шiлде 2019, 14:00

Қызылорда тұрғыны полиция ұстаған кезде көз жұмды. 

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Ресми органның мәліметіне сәйкес, ер адам есінен танып қалған, бірнеше минуттан соң қайтыс болыпты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«10 шілде күні түнде 43 жастағы Қызылорда тұрғыны мас күйінде көлік жүргізген. Полиция оған заңды түсіндірді. Қызметтік көлікке апара жатқан кезде ер адам есінен танып қалды», — дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жәрдем қызметін бірден шақырыпты. Алайда ер адам дәрігерлер келгенше көз жұмған.

«Қызылорда облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы кісі өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталады», — дейді полиция қызметкерлері.

Болған оқиға полиция көлігінің видео тіркеуішіне түсірілген екен.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмағаны айтылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда