jasqazaq.kz

Қызылорда тұрғыны 5 және 10 мың теңгелік жалған ақша жасаған

09 қазан 2020, 13:24

ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өндірісіндегі жалған ақша өткізуге қатысты кезекті тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған азамат 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың ақпан айының аралығында бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттармен сауда жасап, пайдақұмарлық мақсатпен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

ҚР ҚК 231-бабының 2-б. 2-т. сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен мемлекеттiк бағалы қағаздарды өткізу мақсатында бірнеше мәрте жасау немесе сақтау, өткізу) қылмыстық құқықбұзушылық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2020 жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің өндірісінде жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген. Оның ішінде 6 жағдай «Халық Банк» АҚ-ы Қызылорда филиалы қызметкерлерімен, 1 жағдай «Сбербанк» АҚ-ның Қызылорда филиалы тарапынан, 5 жағдай азық-түлік дүкендері мен жанар-жағар май құю бекеттерінде анықталған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия