jasqazaq.kz

Қызылорда тұрғыны 2 айдан бері іздестірілуде

23 сәуiр 2022, 12:17

Қызылорда қаласының тұрғыны екі айдан бері хабар-ошарсыз. Ол ақпан айында мал сатып алу мақсатында Ақтөбе облысына жолға шыққан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

45 жастағы қызылордалық Ұлықбек Нысанбаев биылғы 23 ақпанда мал сатып алу мақсатында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына аттанған. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Ұлықбек Тұрмаганбетұлының қайта оралмауына байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Оның бойы 165-170 см, толық денелі, қысқа. Үстіне көк түсті куртка, көк түсті классикалық шалбар, басына кара түсті кепка, аяғына қара түсті етік киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат білген жағдайда мына телефон нөмірлеріне мәлімет беруді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасы», — деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр