jasqazaq.kz

Қызылорда тұрғындарын 10 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

14 желтоқсан 2022, 15:48

Қызылорда тұрғындарын 10 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық әрекеттердің біразы мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген жылжымайтын мүлікті кезексіз алып беремін, жұмысқа тұрғызамын, кезектен тыс жер, қайтарымсыз несие алып беремін деген желеумен жасалған іс-әрекеттер тұрғындарды сан соқтыруда. Сондықтан сала мамандары тұрғындарды айлакердің арбауына түспеуге шақырады.

«Мәселен, желтоқсан айының 9-10 күндері аралығында 8 қала тұрғыны басқарманың кезекші бөліміне алаяқтың әрекетінің құрбаны болғандығы жөнінде арызданған болатын. Жәбірленушілерден 2021 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламамен пәтер, қайтарымсыз несие, грант алып беремін деп алдап арбау жолымен 10 миллион теңгеге жуық ақшаларын жымқырып, көзден таса болған», — дейді полиция өкілдері.

Мәні жағынан бір-біріне ұқсас деректер бойынша басқарма қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған, бұрын сотты болған 37 жастағы күдікті әйел ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде