jasqazaq.kz

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (Видео)

16 маусым 2021, 14:11

Жаңақорғандағы жаппай төбелес түсірілген видео желіде тарады. Қызылорда облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Кадрлардан қараңғыда адамдардың көшеде айқайлап жүгіріп жүргенін көруге болады. Кейбіреулері белгісіз заттарды лақтырып жатқаны байқалады.

Қызылорда облыстық полиция департаменті 15 маусымда түнгі сағат екіде Жаңақорған ауданында белгісіз біреулер тас лақтырып, автотұраққа қойылған көлікті зақымдағанын хабарлады. Сонымен қатар автотұрақтың жанындағы ғимаратта орналасқан дүкенге материалдық залал келтірілген.

«Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті аудан тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Сонымен қатар аудандық полиция бөліміне 10 азамат жеткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ешкім дене жарақатын алмаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының «Бұзақылық» қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда», – деп хабарлады ведомствода.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от kazpress #1 (@kazakhpress)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия