jasqazaq.kz

Қызылорда облысында түрмедегі үшеу өздеріне дене жарақатын салды

11 тамыз 2021, 13:30

Қызылорда облысында камерадағы тексерулерге наразылық білдірген үш сотталушы өзіне дене жарақатын келтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz хабарлағандай, тергеу-жедел тобы, қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, сондай-ақ облыстық ҚАЖД басшылығы оқиға орнына келді.

Сотталғандар өздері отыратын камераларда тінту жүргізуге, сондай -ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тәртіптік жаза қолдануға келіспейтіндіктерін айтты.

Сотталғандар жасаған тәртіптік бұзушылықтар видеоға тіркеліп, жаза қолдану туралы материалдарға қосылды. Медициналық көмек көрсету үшін сотталғандар облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Бұл факт ақпарат есеп кітапшасына тіркелді. Қызметтік тексеру жоспарланды. Барлық тексерулердің нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады.

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, сотталғандарды одан әрі ауруханаға жатқызу қажеттілігі жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия