jasqazaq.kz

Қызылорда облысында туберкулез жұқтырғандар саны көбейді

18 сәуiр 2022, 19:54

Өңірде биыл бірінші тоқсанда 97 адам туберкулез жұқтырған. Бұл — өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Ауруға шалдыққандардың 94%-ы — өкпе туберкулезін жұқтырған. Сондай-ақ, тең жарымында туберкулездің жұқпалы, яғни ашық түрі екендігі анықталды.

«Індетке шалдыққандардың 70%-ы әлеуметтік белсенді топтар болып отыр, негізінен 18-64 жас аралығындағы адамдар. Олардың қатарында туберкулез жұқтырған 38 жұмыссыз, 24 зейнеткер, 7-і мектеп оқушысы мен студент бар», — дейді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, соңғы 2 жылда коронавирус пандемиясы туберкулез індетіне қарсы тиісті профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуіне кері әсерін тигізді. Туберкулезді анықтау сынамаларын қоюға және екпе жүргізуге қарсылық танытқандардың саны артқан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр