jasqazaq.kz

Қызылорда облысында ойыншықтардан қауіпті заттар анықталды

20 наурыз 2022, 10:36

Қызылорда облысында ойыншықтардан қауіпті заттар анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жыл басынан бері өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында 21 сауда орнынан барлығы 343 сынама сатып алды. Олардың 73,5 пайызы тағам өнімдері болса, 26,5 пайызын тамақ емес өнімдер құрады.

Сараптама нәтижесінде аталған өнімдердің 30-ы техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда, 4 өнімнен микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік тіркелді. Ішек таяқшалары тобының бактериясы тауық етінен, сүттен және тұшпарадан табылса, шайдан зең анықталды. Мұндай азық-түлікті пайдалану түрлі ішек инфекциялары мен тағамнан улану жағдайларына алып келуі мүмкін.

«Ал физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша 4 өнімнен, таңбалануы бойынша 24 өнімнен бұзушылықтар тіркелді. Ал балалар ойыншығының 2 үлгісінен фармальдегидтің шамадан тыс мөлшері анықталды. Бұл химикаттың көлемі рұқсат етілген деңгейден асып кетсе токсикологиялық улану қаупін туындатады. Сәйкессіздік анықталған екі ойыншық та Қытайда өндірілген. Сондықтан балаларға ойыншық сатып аларда қауіпсіздіқ құжатының болуына мән беруге кеңес береміз», — деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде