jasqazaq.kz

Қызылорда облысында мектептен өрт шықты

12 қараша 2019, 19:07

Қызылорда облысында мектептен өрт шықты. Оқиға бүгін Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кентіндегі №204 мектепте болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қазалы ауданы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, аудандық өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің көмегімен жалын дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. «Қазіргі таңда оқиға орнына аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандары келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аудан тұрғындарының алаңдауына себеп жоқ екендігін хабарлаймыз. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат таратамыз. Мектепте оқушылардың оқу процесі тоқтамайды. Ертең сабақ қайта жалғасады», — деді Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепованың хабарлауынша, өрттің шығу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтау үстінде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда