jasqazaq.kz

Қызылорда облысында мектеп жанында жарылыс болды

11 қазан 2021, 14:12

Қазалы ауданы Тасарық кентіндегі орта мектеп аумағында қазандық жарылды, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Бүгін сағат 08-ден 15 минут өткенде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасына Қазалы ауданы, Тасарық кенті, №238 орта мектеп аумағындағы жеке тұрған (мектептен қашықтығы 50 м) қатты отынмен жылыту қазандығының тұтанусыз жарылуы орын алып, 64 шаршы метр алаңда ғимараттың қабырғалары мен жабынының ішінара қиралғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — дейді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев.

Оқу процесіне кедергі келген жоқ, ауа температурасы +9 болатын.

Қазандық үйінділерін жинау мектеп жұмысшыларының күшімен (15 адам және 2 бірлік техника) жүргізілуде. Оқиға орнына облыстық ТЖД (2 қызметкер және 1 бірлік техника) жетті.

Azattyq-ruhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия