jasqazaq.kz

Қызылорда облысында белгісіз біреулер жасөспірімдерге оқ атты

16 желтоқсан 2021, 11:17

Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Төретам ауылындағы аялдамалардың бірінде кеше сағат 18:00 шамасында белгісіз біреулер үш жасөспірімге оқ атқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент таратқан хабарламаға сүйенсек, оқ тиіп жарақат алған балалар кәмелетке жасқа толмаған. Зардап шеккен жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іске қатысы бар күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірген.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-тің 24-бап, 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», — делінген хабарламада.

Azattyq-ruhy

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық