jasqazaq.kz

Қызылорда облысында ауылдастары оқушы қызды зорлаған (видео)

15 қазан 2020, 22:33

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында он үш жастағы қызды, ауылдас, ересек екі жігіт зорлаған. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді. Ол азғындар жазаланбай, ауылда тайрандап жүргеніне ашулы. Оқиға осыдан 5 ай бұрын болған. Анасының сөзіне сенсек, 22 және 25 жастағы ауыл тұрғындары 9-шы мамыр күні кешқұрым оқушы қызды алдап, бірінің үйіне апарған.

Азғындық әрекеттерін жүзеге асырған соң, таңға жақын ауыл шетіндегі көлшіктің жағасына апарып тастапты. Сол күні жәбірленуші тарап арызданғандарын айтты. Бірақ іс «сағызша созылып» келеді деп отыр. Ал кәмілет жасына толмаған жасөспірімге қиянат жасағандар бостандықта жүр деп ашынды.

Бұл туралы Астана телеарнасы жабарлады.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Оларды ешқандай жауапқа тартылған жоқ. Жауап алынған я қамалған жоқ, я келген жоқ. Бес ай жүзінде мен РОВД-дан ешқандай ақпарат ала алмағандықтан Қызылорда облысынан адвокат жалдап, істі көтергенімде істің қысқартылғанын білдім. Сол екеуінің жазаға тартылып, баламды бүлдірген сол таңатқанша істеген қорлықтарының жазасы тартылсын.

Оқиғадан кейін, мектеп психологтары қызбен жан-жақты жұмыс жүргізген. Ал облыстық ішкі істер департаменті аталған дерекке қатысты жазбаша мәлімдеме жасады. Онда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқандығын және іс департамент басшылығының қатаң бақылауында деп жазылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия