jasqazaq.kz

Қызылорда облысында аққуды аяусыз өлтірген ер адам ұсталды

23 желтоқсан 2022, 9:51

«Аққуды өлтірген аудан тұрғынының аты-жөні анықталды. 22 желтоқсанда әлеуметтік желіде тараған видеоға сүйеніп, Қызылорда облысының Полиция департаменті жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл дерек желіде жарияланғанға дейін полицияға ешкім хабарлаған жоқ», — деп мәлімдеді полиция басқармасының өкілдері.

Ведомство Желі қолданушыларын ашуландырған ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді. Ол 26 жаста, Сырдария ауданының тұрғыны.

Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштіктің каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды.

«Тексеру нәтижесі бойынша жеткізілген адамның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім шығарылады», — деп қосты полицейлер.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысының тұрғыны аққуды өлтіріп, жасаған әрекетіне мақтанған видеосы тараған болатын.

Видеода оның кешке «аққудан қуырдақ» жейміз деп айтқанын да байқауға болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық