jasqazaq.kz

Қызылорда облысында әйел мектеп оқушысына мас болғанша ішімдік ішкізген

24 қараша 2020, 22:19

Қызылорда облысындағы ауыл тұрғыны жасөспіріммен бірге ішімдік ішкен.

Оқиға Қармақшы ауданында болған. Полицейлер Жосалы кентінде тұратын әйел кісіні 2004 жылы туған мектеп оқушысына алкогольдік ішімдік ішкізіп жатқан жерінен ұстады.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 131-бабы — «Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу» бойынша хаттама жасалды

Сотта ауыл тұрғыны кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Аудандық сот жас әйелге 20 АЕК (38 892 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Сонымен қатар әйел кәмелетке толмаған адамды құқық бұзушылық пен басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға итермелеген адам ретінде де профилактикалық есепке алынды.

Stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық