jasqazaq.kz

Қызылорда облысында 3 мың рулон шөп өртеніп кетті

22 шiлде 2021, 12:16

Қызылорда облысында 3000 рулон шөп өртеніп кетті.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты М.Нәлібаев ауылдық округінде 21 шілдеде сағат 20.20-да болған. Жергілікті шаруа қожалығының аумағындағы ашық алаңда жиналған шөп өртенген.

«Шөптің жалпы саны 3000 рулонды құрайды. Ол шамамен 1200 тоннаға жуық. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 13 қызметкер 3 автокөлікпен барды. Олардың күшімен сағат 23.30-те оқшауланып, 00.30-те толығымен сөндірілді», — деді департаменттен. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада балалар ойын-сауық орталығы өртенді.

Оқыс оқиға 19 шілдеде сағат 07.20-да Қызылорда қаласы Ы.Алтынсарин көшесі бойында орналасқан балалар ойын-сауық орталығында болды. Ғимараттың бірінші қабатының 200 шаршы метрге жуық аумағы толықтай жанып кетті.

inform.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия