jasqazaq.kz

Қызылорда облысында 20 келіден астам марихуана тәркіленді

13 сәуiр 2020, 15:55

Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады.

36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден астам марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды.

Бұл қылмыс 10 сәуірде белгілі болды. ҚР ІІМ және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткен бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тас жолының бойында Арал ауданының Шижаға елдімекені тұсында автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелкелер шықты.

2 литрлік 8 дана, 1 литрлік 26 дана, 1,5 литрлік 1 дана ыдыстарға есірткі типтес жасыл түсті, иісті заттар салынған. Сараптама қорытындысы олардың кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады.

Бүгінде күдікті Арал ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия