jasqazaq.kz

Қызылорда облысында 13 жасар қызды зорлап өлтірген

20 шiлде 2018, 14:04

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия ауылында 13 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

31 жастағы ауыл тұрғыны қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Құрбан болған қыз анасы және әпкелерімен бірге ауылдағы ескі бес қабатты үйлердің бірінде тұрған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қылмыс жасалған уақытта қыз үйде жалғыз болған. Анасы жұмыста болған. Қаскөй осы жағдайды пайдаланған. Ол қызды зорлап, кірпішпен басынан ұрып өлтірген. Күдікті дереу ұсталды. Ол сол ауылда анасымен бірге тұрған. Еш жерде жұмыс істемеген, Қызылорда облыстық ІІД мәліметінше, бұрындары ұрлық үшін сотты болған. «Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу құпиялылығына байланысты толық мәлімет бере алмаймыз. Жағдай бақылауда», — деді Қызылорда облыстық ІІД тергеу басқармасының басшысы Әбдібек Жаназаров.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді