Қызылорда облысы толықтай «Электронды балабақша» жүйесіне көшеді

06 тамыз 2018, 11:58

Қызылорда облысы цифрландыру жүйесінен кенже қалып отырған жоқ. Мәселен, қыркүйекте облыс толықтай «Электронды балабақша» жүйесіне көшеді. 2018 жылы Арал қаласы маңында 37 цифрландыру жобасы жүзеге асырылады. Олардың барлығы білім бері, денсаулық сақтау, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік сияқты салалармен байланысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Біз пилоттық жоба ретінде бірінші кезекте жүзеге асырылатын жұмыстарды анықтап алдық. Ағымдағы жылдың аяғына дейін облыста 37 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», — деп облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлімдеді.

Білім беру саласында осы жылдың қыркүйегіне дейін облыстағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарды «Электронды балабақша» жүйесіне ауыстыру жоспарлануда. Бүгінгі күні бұл жүйемен 37,2% мектепке дейінгі қалалық ұйымдар ғана қамтылып отыр, дегенмен қазіргі таңда аталмыш жүйені аудандарда да енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ата-аналардың сәбиін дүниеге келісімен, бірден үйден шықпай-ақ балабақшаға кезекке қою, кезектің жылжуын қадағалау, сонымен қатар, балабақша қызметтерін электронды жүйе арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болады. Ал жалпы білім беру мекемелерінде «Күнделік» электронды журналына көшу жүзеге жұмыстары асырылады. Ақпараттық жүйемен қамту қазіргі уақытта 82,3% құрайды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін барлық мектептердің ақпараттық жүйеге қосылуы қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау саласындағы облыстың барлық медициналық ұйымдары Кешенді медициналық ақпарат жүйесіне қосылған. Пациенттерді қабылдау «Дамумед» мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Осы жылғы 1 шілдеден бастап медициналық ұйымдарды «қағазсыз құжатайналымға» көшіру бойынша жұмыстар басталды. Осылайша, жылдың аяғына дейін 62 құжат электронды форматқа ауыстырылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Ақылды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» жобасын іске асыру үшін мәліметтерді жіберу, есепке алу құрылғысымен жабдықтау бойынша Қызылорда қаласы Есім хан көшесіндегі (Ипподром) 6 көпқабатты үй анықталды. Олар үйді есепке алу құрылғылары арқылы таңдалған үйлердің көрсеткіштерін өндірістік интернет арқылы жұмыс істейтін «Е-шаңырақ» бірыңғай интеллектуалдық жүйесіне жолдап отыратын болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласындағы мобильдік қосымшалар мен «Open kasipker» сайты, ауыл шаруашылығы өнімдері туралы толық ақпарат алуға болатын «Агробиржа» жобасы және электронды билет беру жүйесі мен аялдамаларға ақпараттық таблоларды орнату бойынша пилоттық жоба басталды.

Руслан Достаев

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді