jasqazaq.kz

Қызылорда облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

14 наурыз 2022, 17:53

Қызылорда облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.

«Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты 2021 жылы аяқталмаған құрылыс нысанын заңсыз қабылдау арқылы 14,5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған деген айып бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өкілі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық