jasqazaq.kz

Қызылорда қаласында жоғалған бала өлі күйінде табылды

29 сәуiр 2021, 15:30

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 жастағы Бахыт Альтаир Мақсатұлын іздестіру жұмыстарына Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

«Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық – зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда.

Кішкентай Альтаирдың ата – анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын» деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы.

Бүған дейін Қызылордада 6 жасар баланың жоғалғаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия