jasqazaq.kz

Қызық үшін қызғалдақты көлікпен таптаған Сарыағаш тұрғыны ұсталды

12 мамыр 2022, 14:31

Түркістан облысында көлігімен қызғалдақты таптаған көлік жүргізушісіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде «Toyota» маркалы көліктің қызғалдақты таптап жүрген суреті таралып жатыр. Ақ көлікпен қызыл қызғалдақты еркін басып тұрған жүргізушінің әрекетіне қатысты тұрғындар әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Ал, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жабайы дала қызғалдағы «Қызыл кітапқа» енбегендіктен ешқандай шара қолданылмағандығын жеткізді. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушіге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектелген. Жалпы оқиға Сарыағаш ауданының аумағында орын алған. Тәртіп сақшылары көліктің номері бойынша жүргізушіні іздеп тауыпты. Ал, көлік иесі бұл әрекетін қызық үшін жасағандығын айтқан.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр