jasqazaq.kz

Қызы Сары Әулие туралы айтып берді

13 қараша 2019, 15:26

Бірнеше жыл бұрын Сара Әулиенің қызы Бақытгүл Исенбаева Шымкенттегі үйге таласып әкесін сотқа берді. Жылжымайтын мүлік дауы немен аяқталды? Әкесі қызын неліктен жезөкше деп атайды?

Ол осы сұрақтардың жауабын Caravan.kz медиа порталының тілшісімен бөлісті.

-Бақытгүл, сіз екі жыл бұрын үй үшін әкеңізді сотқа берген едіңіз. Бұл оқиға қалай аяқталды?

-Ия, сотқа бердім. Мен істі жеңіп, ақшалай өтемақы алғым келді. Біз әкеммен 9 айдың ішінде ол маған ақшаны төлейтін болып келістік. Барлығы қағаз түрінде берілетін болды. Содан бері 4-5 жыл өтті, мен ешқашан уәде етілген ақшаны алмадым.

— Сіз істі жеңдіңіз. Үй заңды түрде сізге тиесілі ме?

— Иә, заң мен құжаттарға сәйкес үй маған тиесілі. Әкем бәрін төлейтінін айтты, бірақ әлі ақша берген жоқ. Мен оған бұл туралы еске салудан шаршадым, сондықтан барлық істерді сот орындаушысына бердім. Енді күтіп отырмын.

— Сұхбаттардың бірінде әкеңіз сізді жезөкше деп атап, сондықтан байланысқа түспегенін айтты. Бұл туралы не айта аласыз?

-Әрдайым осылай айтатын, мен бұған үйреніп кеткем. Алайда ол мұны «Мақпал мекен» бағдарламасында айтқаннан кейін әлеуметтік желілерде қызу дау туды. Мен оны шақырып, жанжал жасадым. Әкем ештеңеге жауап бере алмады. Ол не айтарын білмей, абдырап қалды. Бала кезімде егер көшеде балалар гитарада ойнап, ән шырқаса, мен олардың қасында отырыпы, қымсынбай қосылып кететінмін. Әкем мені сол үшін жезөкше деп атаған сияқты.

— Қазір сіздің әкеңіз балаларының суреттерін әлеуметтік желілерге жүктейді. Сіз осы бауырларыңызбен байланыстасыз ба?

— Жоқ, мен әкеммен де, бауырларыммен де байланысты үзгенмін. Қазір олардың қайда екенін білмеймін. Біздің әкеміз осындай. Дегенмен, менің де, кіші сіңілімнің де жоғары білімі бар екені қуантады. WhatsApp-та бізде «туыстар» тобы бар. Онда біздің туыстарымыз «аналарың қайтыс болды, әкелерің осындай, соған қарамастан, өздерің үшін өмір сүріңдер. Сендердің жоғары білімдерің бар» деп отырады.

— Әкеңіздің емдік қасиеттері туралы не айтасыз? Шыныменемдік қасиеті бар ма?

— Қасиеті бар ма, жоқ па, білмеймін. Мен тек оны сөзге шешен оратор деп айта аламын. Шөп береді, майдалап сөйлейді, содан кейін музыканы қосады. Мен осы музыканы және оның сөзін тыңдап жылап жіберген кездерім де болды. Мен анамды есіме алдым, оны қатты сағындым. Әкесі емделушілердің оған апта бойы келіп, үнемі таза болуын талап етеді. Менің ойымша, егер өмірлік қиыншылықтары бар адам өзіне сене алса, оған менің әкемнің көмегі қажет емес болар еді. Менің әкем жай ғана сөзге шешен адам.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда