jasqazaq.kz

Қызы мен күйеу баласын атып өлтірген алматылық қария құлыптас жасаумен айналысқан

10 маусым 2020, 10:07

Алматыда аяғы ауыр қызы мен күйеу баласын атып тастаған азамат сау болған. Кикілжіңге «арақ себеп» деген ақпаратты полиция бүгін жоққа шығарды. Ал 69 жастағы зейнеткердің өзі қанды қылмыстан кейін атылып өлген. Жұрттың жағасын ұстатқан отбасылық жанжалға нақты не түрткі болғанын тәртіп сақшылары әзірге айтпай отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«Алматылықтардың жағасын ұстатқан қанды қылмыс бұл үйде кеше кешкісін болған. Отбасылық жанжал қайғыға ұласты. 69 жастағы азамат күйеу баласы мен қызын аңшы мылтығымен атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсапты.

Ал қырғыннан аман қалған қаскөйдің жұбайы жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Оққа ұшқан үш адам шұғыл медициналық көмек жеткенше жан тәлісім етті. Бейресми дерекке сүйенсек, қайын ата мен күйеу бала арасындағы керістің соңы қайғылы аяқталған. Алайда кикілжіңнің нақты себебі әзірге белгісіз. Қылмыс болған үйге жапсарлас орналасқан көлік жуу бекеті де сол түні ерте жабылғандықтан, жұмысшылары «ештеңе көрмедік» деп отыр. Ал марқұмның жақындары кешеден бері журналистерді үйіне жолатпай жүр.

Тіпті тілшілерді қарғап-сілеп, айғайға басқандар түсірілім тобына тап беріп, әріптесіміздің ұялы телефонын шағып тастады. «Оқтың атылған дыбысын естімедік» деген сол маңайдың тұрғындары қара жамылған отбасы ұзақ жылдан бері құлпытас жасаумен айналысқанын айтады. Ал зейнеткердің өзі араққа әуес болмаған екен. Олар ешкімде қақ-соғы жоқ қария мұндай қатігездікке қалай барды деп аң-таң», — дейді телеарна тілшісі.

Павел Мокроусов, көршісі:

— Олар бұрыннан бері сол үйде тұрады. Кешегі күнге дейін отбасы мүшелерінің ерсі қылықтарын байқамадық. Тып-тыныш тіршіліктерімен айналысып жүретін. Қылмысқа барған қария да ешкімге зияны жоқ адам болған.

Қазір аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тәркіленген аңшы мылтығы қолын қанға малған азаматтың атына тіркелгенін жеткізді. «Ол ішімдік ішпей, сап-сау күйінде туғандарына оқ жаудырған», — дейді тәртіп сақшылары.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

— ҚК 99-бабы, 2-тармағы және ҚК 105-бабы, 1-тармағымен қылмыстық істер қозғалып, Түрксіб ауданының полиция басқармасына қарасты тергеу бөлімінің өндірісіне қабылданды. Тергеу барысында осы жанжалға және осы қанды оқиғаға әкеп соқтырған себеп-салдар анықталатын болады.

Әке қолынан қаза тапқан 41 жастағы әйелдің құрсағында сегіз айлық сәби
болыпты. Қазір жантүршігерлік жағдайды көзімен көріп, әбден шошып қалған күдіктінің жары тергеушілерге жауап беріп жатыр. Бір анығы, іс қозғалғанымен, қылмыстық жауапкершілікке ешкім тартылмайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия