jasqazaq.kz

Қызметтік көлікте ұйықтаған полицейлер қатаң сөгіс алды

04 мамыр 2019, 16:07

Қала тұрғындары, 28 сәуірде, Ақтаудағы 33 шағын ауданда қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерін суретке түсіріп алды. Олардың бұл әрекеті жұртқа жария болғаннан кейін қызметтік көлікте ұйықтаған полицейлер қатаң сөгіс алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

Куәгерлер қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерінің суретін желіге жариялаған. Ол сурет бірден желі пайдаланушыларының назарын аударды. Олар қызметтік көлікті ұйықтайтын жерге айналдырған полицейлерді қатаң сынға алып, жауапсыз деп сөкті.

«Міне, олардың жұмысқа деген қатынасы осындай. Қызметіне селқос қарайтын жауапсыз қызметкерлерді жұмысқа алып алады да, солардың сөзін сөйлеп, жақтап шығады. Онда, бәріміз жұмыста ұйықтап жатайық»,- деген пікірлер қалдырды желі қолданушылары.

Полицейлердің бұл әрекеті наразылық тудырғаннан кейін Маңғыстау облысының полиция бөлімінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

«Осы жағдайдан кейін тәртіптік комиссия құрылып, полиция қызметкерлеріне қатты сөгіс жарияланды. Және оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде