jasqazaq.kz

Қызметтік автокөлікте ұйықтаған полицейлер жұмыстан шығарылды

14 мамыр 2020, 19:12

Қызылордада бүгін әлеуметтік желі беттерінде кеңінен талқыланған қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.

Аталмыш видео бүгін, 14 мамырда «Whatsapp» арқылы тарады. Онда қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері көрсетілген.

«Аталған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел түрде департаменттің тәртіптік кеңесінде әдеп кодексінің талаптарын бұзған екі қызметкердің және оларға тікелей жетекшілік жасайтын басшыларының жауапкершілігі қаралды. Тәртіптік кеңес шешімімен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі