jasqazaq.kz

Қызметкерлерінен пара алған шенді 5 млн теңге айыппұл төлейді

22 тамыз 2019, 11:36

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті «Охотзоопром» ӨБ» РМКК Батыс өңірлік филиалының басшысы Д.Саматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, Д.Саматов қарамағындағы қызметкерлерінен қызмет барысында қамқорлық танытқаны үшін үнемі пара алып отырған. «Осы жылғы 20 тамыз күні Орал қалалық сотының үкімімен Саматовқа 5 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Айыпталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды», — делінген таратылған ақпаратта.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде