jasqazaq.kz

Қызметкерлерді балағаттаған ауыл әкіміне қатер төнді

02 қараша 2019, 12:46

 

Әдепсіз әкім. Ақмола облысында ауыл әкімі қарамағындағы қызметкерлерін балағаттап, басы бәлеге қалды. Ал сөзі өтпегендермен төбелесіп алады екен.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

 

— Маған неге беріп жібермейсің….

— Кешіріңіз.

— Ей, … ақталма…

 

Естіген құлаққа түрпідей тиер сөзді Садовый ауылдың округінің басшысы қарамағындағы маманға телефон арқылы айтып тұр. Серік Әжібаевтің қылығы зығырданын қайнатқан болуы керек, маман оның боқтық сөздерін жазып алған. Ғаламторды шарлап кеткен үнжазба Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жеткенде, қызметіне сасқан әкім өзі боқтаған маманға 1 миллион теңге «ауызбастырық» ұсынып, қолхат та беріпті. Әкімнің өзі, мәселесі қаралған Әдеп кеңесінде мұның бірін мойындаған жоқ. Десе де енді оның қызметінде қалуы екіталай. Кеңес Зеренді ауданы әкіміне Серік Әжібаевті жұмыстан шығаруға ұсыныс жасады.

 

— Бұл менің дауысым емес. Комиссиядан өз еркіммен қызметтен кетуіме мүмкіндік беруін сұраймын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда