jasqazaq.kz

Қызметкерінің қылығы үшін Талдықорған әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды

05 тамыз 2021, 9:37

Алматы облысында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облыстық департаменті ресми мәлімет таратты. Қазір аталмыш департаменттің тергеу басқармасы Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысына және бас маманына қатысты істі тергеп жатыр. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша пара алды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, аталған бөлімнің бастығы қарамағындағы бас маманмен сыбайласып, коронавирусқа қатысты шектеу шаралары кезінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан мейрамхана иелерінен және көшедегі сауда-саттық нүктелерінен 20 мыңнан бастап 270 мың теңгеге дейін пара алып отырған.

Олардан бөлек тағы 5 мейрамхананың әкімшісі де пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.

Осы қылмыстық істің негізінде Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізді.

Оның нәтижесі бойынша тиісті бақылау жасамағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова жұмыстан шығарылды.

«Аталған жемқорлық қылмысын тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды» деп мәлім етті департамент.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия