jasqazaq.kz

Қызметкері жемқорлықпен ұсталса, басшысы қызметінен кете ме?

14 маусым 2019, 11:54

Белгілі бір ведомствоның қызметкері жемқорлық фактісімен ұсталса, сол мемлекеттік органның басшысы қызметінен кете ме? Бұл сұраққа Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді.

«Сұрақ түсінікті. Мен бұл ретте белгілі бір жағдайға қатысты жауап бергім келмейді. Себебі, өзімнің әріптестерімнің жағдайына қатысты пікір білдіру орынды деп есептемеймін (Білім және ғылым экс-министріне қатысты — авт.). Ал жалпы, Мемлекет басшысының бұл ретте ұстанымы анық. Мен Президенттің ұстанымын әрекет кезіндегі басшылық дер едім. Сондай-ақ, заңнама жобасын Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындағанын еске салғым келеді. Сейсенбі күні ол заң жобасы Парламентке енгізілді. Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге арналған бұл заң жобасында «басшылар өзінің бағынышты қызметкерлеріне жауапты, егер бағыныштының сотпен кінәсі дәлелденген жағдайда, сот үкімі күшіне енсе, отставкаға кетуі керек» деген норма бар», — деді Марат Бекетаев елордада халықпен есеп беру кездесуінен кейін тілшілерге берген сұхбатында.

«Егер біз жемқорлықты түбегейлі жоюды міндет етіп алсақ, меніңше, мемлекеттік орган басшылары мұндай жағдайда отставкаға кетуі керек. Олардың отставкаға кетуін қабылдауды немесе қабылдамауды Мемлекет басшысы шешеді. Бірақ жұмыстан босату туралы арыз жазуы міндетті шара болуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді