jasqazaq.kz

Қызмет көлігін жеке мақсатқа пайдаланған

19 тамыз 2019, 16:07


Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланған.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. ҚР Мемлекетті қызмет істері агенттігінің облыстық әдеп кеңесінің отырысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланғаны үшін Әдеп кодексінің нормаларын бұзды деп айыпталған. «Осы теріс қылық жасағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес қала әкіміне ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Яғни ол ескерту алды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Кеңес барысында дәл осындай нормаға қайшы әрекеттер Көкпекті, Глубокое және Зайсан аудандарында да тіркелгені айтылды. Ал ШҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Бекназаров әкімдік жүргізушілерінің айыппұл төлеуден жиі жалтаратынын айтады. «Мысалы, Аягөз ауданында әкім аппаратының жүргізушісі Омарғазин өткен жылдан бастап айыппұл төлемеген. Біз Омарғазин мен әкім аппаратына айыппұл туралы жазбаша ескерту жібергенбіз, бірақ әлі төленген жоқ. Ақырында материалды сот орындаушыларға жібердік. Әрбір басшы мұндай фактілер үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Мемлекеттік орган жүргізушілері жол ережесін бұзу арқылы бірінші кезекте өз басшыларының абыройына сын келтіреді» — деді Ернар Бекназаров әдеп кеңесінің жиынында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде