jasqazaq.kz

Құжат рәсімдеу жеңілдемек

17 сәуiр 2019, 14:49

Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдететін заң жобасын мақұлдады. Ел тұрғындары бір өтініш беріп, өзара байланысты бірнеше қызметті ала алады.

Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның сөзінше, биылғы жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электрондық түрге ауыстырылады. Ал келесі жылы аталған қызметтердің тағы 10 пайызын ауыстырып, онлайн тәртіпте ұсыну жоспарланып отыр.

Бүгінде қазақстандықтарға кей қызметтерді алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу қажет болса, аталған заң жобасының негізінде бұл ереже алынып тасталады. Азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеудің барлық жеті түрі бойынша аумақтан тыс қызмет көрсету принцпі енгізіледі.

«Бұл принципті енгізу адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша емес, өз қалауынша Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеу органында өтініш беруіне мүмкіндік береді. Бұл туу, өлім, некеге тұру және ажырасу, тегін өзгерту, асырап алу туралы құжаттарға қатысты», — дейді депутат.

Сонымен қатар заң жобасының негізінде бір өтініш арқылы өзара байланысты бірнеше құжатты алу мүмкіндігі беріледі. Оған қоса қызметті алу үшін қажетті құжаттар саны да қысқартылмақ. Өз құрамында 55 қызметті біріктіретін 21 үйлесімді қызметті енгізу қарастырылуда.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда