jasqazaq.kz

Қызғаншақ жігіт әйелін буындырып өлтірді

30 шiлде 2019, 19:37

Бүгін Қарағанды қаласында 29 жастағы келіншектің мәйіті табылды. Белгілі болғандай, 27 жастағы жігіт қызғаныштан бірге тұрып жатқан әйелін өз қолымен тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 шілде күні сағат 13:30-да Қарағанды қаласындағы бір үйдің маңынан 29 жастағы әйелдің денесі табылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпастан өлген әйелмен бірге тұрып жатқан 27 жастағы азаматты ұстады. Күдікті бастапқыда жедел уәкілдерді жалған ізге салып жібергісі келген. Алайда, полицейлердің кәсіби іс-әрекетінің арқасында жедел-тергеу жолымен оған қарсы айғақтар табылған. Нәтижесінде ер адам жанжал барысында қызғаныштан жәбірленушіні өз қолымен буындырғанын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (кісі өлтіру).

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде