jasqazaq.kz

Қызғаншақ күйеуін айтып, мұңын шаққан әнші қыз

24 сәуiр 2018, 11:44


Есімін жасырын қалдыруды өтінген отандық әнші өзінің қызғаншақ күйеуі жайлы айтып берді. 
Nur.kz хабарлағандай, ол өзінің сахнада ән айтып, жүргізушілікпен де айналысатынын алға тартты.»Мәдениет саласында жұмыс істеймін. Өздеріңіз білесіздер. Сахна грим мен әдемі көйлекті, келбетті талап етеді. Бірақ, осы өнерім жанұяма қатты кесірін тигізеді», — деп бастады әңгімесін кейіпкер. «Өнер адамы болған соң көптеген кісілермен араласамын. Концерттерден кеш қайтамын. Кейде енем сөйлейді. Одан қалды күйеуім де қызғанады. «Ел-жұртқа маймыл болған шығарсың» деп мазақ қылады. Қонаққа жұбайыммен бара қалсақ, маған «Ән айт» дейді. Мен айтпасам, тағы да ұрыс басталады. Ал осы ренжімесінші деп ән орындасам, «Кімге ұнағың келді» деп тағы да ұрыс шығарады. Енді не істерімді білмеймін.
Сахнадан кету мен үшін қиын. Өнерді тастағым келмейді. Ал күйеуіммен ажырасуға екі балам бар. Оларды әкесіз қалдырып, обалына қаламын деген ой маза бермейді», — деді әнші келіншек.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді