jasqazaq.kz

Қыздың өлі денесін далаға шығарып тастаған (видео)

27 тамыз 2018, 12:17

Өлген қыздың денесін далаға лақтырып тастаған. Ресей астанасы Мәскеудің орталық көшесінде 14 жастағы қыздың денесі табылды.

Mash арнасы хабарлағандай, мүрде Подвойская көшесіндегі үйдің алдында жатқан. Оқиға болған жерге жеткен дәрігерлер жасөспірім қыздың құсығына қақалып өлгенін анықтады. Бейнебақылау камерасы белгісіз бір еркектің қайтыс болған қызды көтеріп үйден шығып бара жатқанын түсіріп алыпты. Белгілі болғаны, ол ер адам сол үйде пәтер жалдап тұрады екен. Тергеу кезінде ер адам қайтыс болған қыз алдында үйінде жанжал болған соң қайда барарын білмей қонатын жер іздегенін, оның үйіне келгенін, сосын түн ортасында еркекті дәріханаға дәрі сатып алуға жұмсағанын айтты. Ал дәріханадан келсе, жасөспірім қыздың өліп жатқанын көрген. Қорқып кеткен еркек оның денесін далаға шығарып тастаған. Полицейліктер ер адамның үйін тексеріп, төсекте қанды тапты. Сонымен бірге бірнеше қапшық белгісіз дәрілерді және жалған төлқұжат табылды. Қазір еркек қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

КТК

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді