jasqazaq.kz

Қыздың мұрнын тістеген өгей әке сотталды

07 сәуiр 2018, 9:41

Алматы облысындағы Қарасай ауданының №2 сотында атышулы іске нүкте қойылды. 3 жастағы қыз баланың бүкіл денесін аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған 1986 жылғы Ринат Қоңқабаев 8 жылға сотталды. 

Сот үкіміне сәйкес қылмыскер жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге моральдық шығын төлеп беруге міндеттелді. «Сотталушы ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3 және 11 тармақтары бойынша кінəлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 3 млн теңге моральдық шығын жәбірленуші тарапқа төлеуі тиіс», — деп мәлім етті Алматы облысы сотының баспасөз қызметі. Ал қылмыскер жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады Естеріңізге сала кетейік, оқиға Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында болған. 3 жасар қызы бар Аяулым Матаева Ринат есімді еркекпен азаматтық некеде пәтер жалдап тұрған. Қайғылы жағдай болған күні ішімдікке тойып алған күйеуі әйелін араққа жұмсап жіберген. Ол кезде бүлдіршін шырт ұйқыда екен. Аяулым дүкеннен оралғанда Ринаттың баланы қинап жатқан жерінен түскен. Бұл кезде өгей әке баланың мұрнын тістеп, жұлып алып үлгерген.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам