jasqazaq.kz

Қыздың қан-жоса суретін әлеуметтік желіге салған

18 шiлде 2019, 11:29

«Бұл менің соңғы жазбам шығар. Олар мені іздеп келе жатыр. Мен жан түршігерлік нәрсе жасадым … Өкінемін, әрине», — деп жазды ол.
Нью-Йорк штатында кәмелет жасқа толмаған Instagram желісінің жұлдызы, блогер қыз Бьянка Девинсті өлтіріп кетті.
Күдікті Брэндон Кларк деген жігіт қызбен екі ай бұрын танысу сайты арқылы достасқан. Полицияның айтуынша, көңіл жарастырған қос жұп концертке барады, содан кейін жігіт Дэвинсті бауыздап, оның қан-жоса суретін әлеуметтік желілерге сап, таратып жібереді.
Күдіктінің өзі полицияны шақырып, селфиге түсіп, оны да желіге салған.
«Бұл менің соңғы жазбам шығар. Олар мені іздеп келе жатыр. Мен жан түршігерлік нәрсе жасадым … Өкінемін, әрине», — деп жазды ол.
Суретте жас жігіт миығынан күліп тұр. Кларк полиция келгенде өз-өзіне қол салмақ болған. Алайда олар оны аман алып қалған.
Жігітті Қасиетті Елизавета ауруханасына жеткізіп, ол арада оған ота жасалды. Қазір оған қасақана кісі өлтіру айыбы тағылды.
Блогердің әпкесі Оливье Девинс әлеуметтік желідегі жазбасында Кларкты отбасысы танитынын, бәрі жақын дос болғанын, оған қатты сенгендерін жазған.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицияның болжамынша, қанды оқиғаға қос жұптың арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін.

sn.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық