jasqazaq.kz

Қызды ұрып-соғып, сөмкесін тартып алмақ болған жігіт (видео)

04 ақпан 2020, 11:29


Теміртауда әкімдік маңында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Ол қаланың 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Теміртау полицейлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол өз кінәсін мойындап, қызды тонап кетпек болғанын айтқан. Оқиға 23 қаңтарда болған. Шабуыл видеоға түсірілген.

«Полиция қызметкерлері ер адамның қызға шабуыл жасап, сөмкесін тартып алмақ болғаны түсірілген видеоны тексерді. Әлеуметтік желілерге бақылау жүргізген полицейлер 33 жастағы жәбірленушіні анықтады. Ол полицияға арыз жазып, Старогород полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің «Тонауға оқталу» бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Жүргізілген шаралар мен видеобақылау камерасындағы видеоны тексере келе полицейлер қаланың 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ісін мойындады, жәбірленуші оны таныды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

https://www.instagram.com/p/B8IZVcvg4r1/?utm_source=ig_web_copy_link

Tengrinews.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия