jasqazaq.kz

Қызды құтқармақ болған жігіт өзі суға батып кетті

10 мамыр 2019, 18:53

Елордада қызды құтқармақ болған жігіт өзі суға батып кетті Бүгін Нұр-Сұлтанда Есіл өзеніне батқан 12 жасар қызды құтқарған жігіт суға батып кетті.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «10 мамыр күні сағат 12-10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті. Оның денесін толқын жағаға жақындатып, куәгерлер жағалауға алып шықты. Оқиға орнында жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Осы ретте құтқарушылар қала тұрғындарына рұқсат етілген орындар мен арнайы жабдықталған жағажайларда ғана суға шомылу қажеттігін ескертеді.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде