jasqazaq.kz

Қыздарды жөнге салмақ болған ер адам көз жұмды

16 маусым 2019, 18:18

Жас қыз «қоқыс тастама» деп ескерткен ер адамға пышақ сұқты.

Ресейдің Саратов қаласында 23 жастағы қызға өзіне ескерту жасаған кісіні өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Тергеу комитетінің өңірлік басқармасының сайтында айтылған. Оқиға 15 маусымға қараған түні болыпты. Тергеу мәліметінше, бір топ қыз-келіншек тәулік бойы істейтін дүкенге кіреді. Олардың бірі бос темекі қорабын жерге тастай салған, сол кезде бір кісі ескерту жасап, екеуі сөзге келіп қалады. Даудың арты көшедегі жанжалға ұласып, қыздар 27 жастағы ер азаматты ұрып-соға бастайды. Төбелес кезінде біреуі жігіттің арқасына пышақ сұғып алған. Жарақат алған жігіт ауруханаға жатқызылғанымен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Арқасына сұғылған пышақ өкпесіне зақым келтіріпті. Күдіктілерді Ресейдің гвардия қызметкерлері қолға түсірді. Кісі өлтірді деген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда