jasqazaq.kz

Қыздар университетінің ректоры студенттермен өзгеше форматта кездесті

16 қараша 2021, 15:31

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының талантты, дарынды білім алушыларымен өзгеше форматта кездесуді жалғастыруда.

Бұған дейін студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділерімен Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінде кездессе, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарымен жүздесу М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жалғасын тапқан болатын.

Бұл жолы Гүлмира Қанайдың бірнеше халықаралық және республикалық өнер байқауының жеңімпазы атанған «Томирис» би ансамблінің мүшелерімен кездесу Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті.

Университет ректоры өнерпаз жастармен бірге мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концертін тамашалап, түрлі тақырып аясында сұхбаттасты.

Өз кезегінде ансамбль мүшелері оқу орнының басшысына сауалдарын қоюға да мүмкіндік алды.

– Біздер Гүлмира Әмірханқызының жаңашылдығына, қарапайымдылығына және студенттерге деген ашықтығына тәнтіміз. Кездесу барысында көптеген ақпарат алдық. Бізді мазалап жүрген мәселелердің де шешімін таптық. Шығармашылық жоспарларымызбен де бөлісуге мүмкіндік берілді. Алдағы уақытта да тұрақты түрде кездесіп тұруға уағдаластық, – дейді «Томирис» ансамблінің мүшелері.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр