jasqazaq.kz

Қыздар университеті жұмыс берушілермен ынтымақтастықты арттыруда

13 қыркүйек 2021, 14:51


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты арттыруда. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Түлектерді жұмыспен қамту, мамандарды бәсекеге қабілетті етіп бірлесе даярлауды жүзеге асыру мақсатында Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай BINOM EDUCATION Басқарушы компаниясының директоры Шолпан Қадыровамен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықты дамытудың тетіктерін талқылап, бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Осы ретте айта кетейік, BINOM EDUCATION – BI Group компаниясының білім беру жобасы. Жоба аясында елімізде BINOM SCHOOL білім ордалары ашылуда. Бұл мектептер – білім берудегі жаңа бағыт.

BINOM SCHOOL – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы жүзеге асырылатын, шәкірттерге сапалы білім беріп, келешек сәтті өмірге жол бағыттайтын білім саласындағы инновациялық жоба.

BINOM SCHOOL білім ордасында оқушылар Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін қазақ және орыс тілінде білім алады.

– Біз әр шәкірттің дербес тұлғалық даралығын, сан түрлі қабілеті мен қызығушылықтарын ескере отырып, өмірге нық қадам басатын, сын сәттерден сүрінбей өтетін және әрқашан дұрыс таңдау жасап, болашағын жарқын етуге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деп атап өтті Шолпан Қадырова.

Өз кезегінде Университет ректоры Гүлмира Қанай педагогикалық оқу орны үздіксіз білім беру саясатын белсенді қолға алып жатқандығын айтты. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін білім беру бағдарламалары пәндерінің силлабусын мектеп, колледж сынды білім беру ұйымдарымен талқылау үрдісі енгізілді.

– Бұл бастама өз кезегінде жұмыс беруші мен Университет арасында тығыз байланыс орнатуға зор септігін тигізеді. Мысалы, кездесулерде профессор-оқытушылар құрамы пән бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша нақты ұсыныстар алады. Пәндерді оқыту әдістемесі бойынша пәндердің модульдері жан-жақты талқыланады. Кездесуде әр талқыланған сұрақтар бойынша пайдалы әрі мазмұнды ақпараттар беріледі. Мұндай жиындар кәсіби мамандарды сапалы даярлауға басты негіз болады деп сенеміз, – деді Гүлмира Қанай.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия