jasqazaq.kz

Қыздар арақтың орнына антисептик ішті. Біреуі көз жұмды (видео)

03 ақпан 2021, 22:45

Павлодарда арақтың орнына антисептик ішкен үш бойжеткен уланып қалды. Іш-құрылысы зақымданған 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмса, марқұмның екі құрбысы дәрігерлердің арқасында аман қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабрлады.

Николай Қожахметов, Павлодар облыстық қиын жағдайда балаларды қолдау орталығының директоры:

— Қыздар меркелік кеш ұйымдастырған. Жаңажылдық отырыс жасайын деген болуы керек. Сол бас қосуда үшеуі санитайзер ішкен көрінеді. Кішкентай қыздар емес – 17 жастан асқан бойжеткендер.

Үшеуі де облыстық өмірі қиын жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығының тәрбиеленушілері. Қаза тапқан қыз Ақсудағы колледжде оқыған. Оқыс оқиға 2-қаңтарда болғанымен, ол жайында енді айтылып жатыр. Үш бойжеткен арнайы орталықтың медициналық блогына кіріп алып антисептик ішкен. Санитайзердің тек өзін емес, оған су араластырған көрінеді. Одан кейін үшеуі де ауруханадан бір-ақ шыққан. 17 жастағы бойжеткен бір жарым сағаттан кейін көз жұмса, екі құрбысының өмірін дәрігерлер сақтап қалған. Соңғы екеуі емдеу мекемесінде он күн жатып шыққан. Аталмыш дерекке қатысты «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» және «немқұрайлық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде