jasqazaq.kz

Қыз ұзату тойын жасаған екі тұрғынға айыппұл салынды

11 тамыз 2020, 12:58

Түркістан облысы тұрғындары тарапынан карантин талаптарына қарамай, той жасау жайттары орын алуда.Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Мәселен, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд барысында үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, қыз ұзату жиынын жасаған тұрғынды анықтады.

Бұл жайтты полицейлер өздерінің күндізгі рейдтеріне кірісіп, үйлерді аралау барысында анықтаған.

Дәл осындай жайт Кентау қаласында да орын алды. Жергілікті тұрғын Кентау қаласындағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары осы екі жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған тұрғындарға ҚР ӘҚБтК-нің 425–бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулығы үшін дұрыс болмақ.

Облыстық ПД жеке құрамы күшейтілген режимдегі қызметін жалғастыруда. Яғни, күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстар жүргізіп, адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия